RU
Мезгілсіз ажал: Атырау облысында үш бала суға батып өлген
Жаңалықтар Қоғам

Мезгілсіз ажал: Атырау облысында үш бала суға батып өлген

Рассказать Вконтакте

Суға шомылу маусымы басталар алдында Атырау облысындағы су қоймаларында кәмелеттік жасқа толмаған 3 бала суға батып кеткен деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырау

Бірінші қайғылы оқиға 29 сәуір күні Еділ өзенінің бойындағы Ширина кентінде орын алды. 10 жастағы бала абайсызда пирстан құлап кетіп, суға батқан.

Сондай-ақ, 2 мамыр күні Еділ өзенінің бойындағы Талғайран кентінен 5 шақырым жерде 16 жастағы жасөспірім балық аулап жүріп, суға кеткен.

Ал 13 мамыр күні Құлсары қаласындағы Жем өзенінде 11 сынып оқушысы суға батып өлген. Ол тыйым салынған жерде шомылған.

«Статистикалық деректерге сүйенсек, балалар суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Салдарынан суға кетеді. Атырау облысының Төтенше жағдайлар депатарменті азаматтарды суға шомылған кезде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Бұл қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектеседі», - дейді құтқарушылар ата-аналарға.

Айта кетейік, өткен жылы Атырау облысында 20 адам суға батып кеткен. Оның ішінде 9-ы бала.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel