RU
Астанада мектеп оқушысына тиіскен қария жайлы жаңа мәліметтер шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада мектеп оқушысына тиіскен қария жайлы жаңа мәліметтер шықты

Рассказать Вконтакте

Астанада мектеп оқушысына тиісті деген қария жайлы ішкі істер департаменті түсініктеме берді. Қазіргі уақытта желіге тарап кеткен видеоға байланысты тергеу жұмыстары басталды деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: скриншот

Фото: скриншот

Видеода белгісіз қарт кісінің мектеп оқушысын ұстап алғанын байқауға болады. @eto_astana_detka Instagram парақшасында жарияланған видео астына бұл кісінің №37 мектептің оқушыларына үнемі тиісетіні айтылған.

Видеодағы кішкентай қыз бен ішкі істер департаменті 75 жастағы қарияның баласы мен келінімен тұратынын анықтады. Сондай-ақ қария мектепте ұзақ уақыт басшылық қызметте болған. Мектеп басшылығы да қарияның мінезі жайлы теріс мінездеме бермеген.

Нәтижесінде ішкі істер департаменті қарияның арам ойы болмағанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
9
3
5
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel