RU
Алматы облысында полиция қызметкерін пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында полиция қызметкерін пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматы облысында болған жаппай төбелестен бір полиция қызметкері мен полиция майоры қаза тапқан болатын. Ал бүгін бұл іске қатысы бар деген күдікті қолға түсті деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: КТК

Фото: КТК

Полицейлердің бірі оқиға орнында қаза тапса, екіншісі аурухана төсегінде үш күн жатып өмірден өткен.

Тоғыз күн бой тасалап жүрген Әмір Әбубәкіров кінәсін де бірден мойындаған. Десе де, соңы атысқа ұласқан қырғында қаза тапқан жігіттердің туыстары қылмысқа қатысы бар барлық адам ұсталмады деуде. Сондай-ақ тағы екі күдікті тергеу абақтысына қамалған.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Алматы облысында алты жігіт отан қорғаушылар күнін тойламақ болып кафеге барады. Алайда отырыстың соңы төбелеске ұласып, полицей майорын пышақтап, бір полицейге бірнеше рет оқ жаудырған. Жарақатымен ауруханаға түсіп, үш күн бойы төсекке таңылған полицейдің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлауда. Олар аурухана қызметкерлері салғырт қарамағанда, қанына өтіп кеткен зиянды дүниеден апталдай азаматты аман алып қалуға болатын еді деген пікірде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
5
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel