RU
"Тесік" үйді паналаған шымкенттік тұрғындар жанайқайын жеткізді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Тесік" үйді паналаған шымкенттік тұрғындар жанайқайын жеткізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте берілген жаңа үйдің тұрғындары жаңбырдан қорқып отыр. Нұрсәт шағынауданындағы 135-ші үйдің шатырынан жаңбыр суы сорғалап, электр желілеріне құйылады екен. Сөйтіп электр сымдары тұйықталып, жарықсыз қалатын күндер көп кездеседі деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Шымкент

Фото: nur.kz

"Бұл проблеманы айтып бармаған жеріміз жоқ. Сәл жаңбыр жауса болды үй терезесінен су сорғалап, қабырғалар сылағы үгітіледі. Жарықты қосуға қорқамыз, бірден шам жарылып кетеді," - дейді тұрғындар.

Жаңбыр жауа бастағаннан пәтердің қай жеріне табақша қою керек екенін әйелдер жатқа біліп алған.

Шымкент

Фото: nur.kz

"Біз бұл пәтерді 2013 жылы алдық. Қоныстана салысымен жаңа үйдің шатырынан жаңбыр суы құйылды. Бұл үй балалар үйінің түлектері мен тұрмысы төмен отбасыларына берілген. Өз күшімізбен шатырды жөндей алмаймыз деп талай шырылдадық. Құлақ асқан ешкім жоқ",- дейді тұрғындар.
Шымкент

Фото: nur.kz

Шымкент қалалық әкімдігінің құрылыс бөліміндегілер бұл проблемадан хабардар. Мемлекеттік мекеме өкілдері үйдің шатырына жөндеу жүргізген көрінеді.

"Бұл үй 2013 жылы пайдалануға берілген. Үйді салған мердігер компания екі жыл кепілмен соққан еді. Сол жылы ақ тұрғындардан шағымдар түскен. Мердігер компания шатырды 2013 және 2014 жылы жөндеп берген. Енді кепіл мерзімі аяқталды. Тығырықтан шығару жолдарын қарастырамыз. Тұрғындарға шатырға шығу жолын жауып тастауға кеңес береміз", - дейді қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Ғалымжан Әмірбекұлы.
Шымкент

Фото: nur.kz

Жаңбыр жауса үйін сел басардай қорқып қалған тұрғындардың мәселесі дәл қай уақытта шешілері әлі белгісіз. Шымкент қалалық әкімдігі нақты жауап бере алмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel