RU
Дубайға барған қазақстандықтар жаппай тамақтан уланып қалды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Дубайға барған қазақстандықтар жаппай тамақтан уланып қалды

Рассказать Вконтакте

Біріккен Араб Әмірлігіне демалуға барып, тамақтан уланған туристер қатарында қазақстандықтар да бар екені анықталды. Бұл туралы Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: tratamente.wgz.ro

Көрнекі фото: tratamente.wgz.ro

Астана қаласының тұрғыны әйелімен жіне үш баласымен аталмыш елдегі демалыс кезінде уланып қалған. Олар қонақүйде берілген таңғы ас дұрыс болмады деп отыр.

Уланған туристердің айтуынша, олардың отбасы мүшелері толығымен бастары айналып, жүректері айныған.

Астаналық азамат Дубайдағы мейрамханада уланып қалған қазақстандықтар саны 40-50 деп отыр. Сондай-ақ Ресей, Украина мен Беларусиядан 200 шақты адам бар дейді.

Қазір елге олралған турист отбасы мүшелерінің жағдайы жақсарғанын айтуда. Алайда кенже баласы әлі де мазасызданып, ұшақтан түсе сала жансақтау бөліміне жеткізіліпті.

Енді зардап шеккен қазақстандық туристер WhatsApp желісінде арнайы топ ашып, моральдық және материалдық шығындарды өтеп алуға біріге кіріспекші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel