RU
Өскеменде жоғалып кеткен кейуананың денесі теміржолдан табылды
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде жоғалып кеткен кейуананың денесі теміржолдан табылды

Рассказать Вконтакте

Өскеменде бірнеше күннен бері 66 жастағы әйелге туыстары іздеу салған еді. Ол үйінен белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмаған, телефонынан да хабар болмаған. 16 сәуір күні таңертең оның денесі Согра теміржол өткелінің маңынан табылды деп хабарлады Altaynews.kz.

Өскеменде

Қаза тапқан әйелдің келінінің айтуынша, ол соңғы жылдары жүйке ауруына шалдығып, диспансерде есепте тұрған көрінеді.

"Жалғыз өзі тұрып жатты, күйеуіміз екеуіміз жағдайын біліп барып тұратынбыз. Алайда кеше ұлы барған кезде ол үйде болмай шықты. Полицияға хабар бердік, олар кешке дейін іздеп таба алмаған соң таңертеңнен бастап телефоны арқылы жүрген жерін анықтай алатындарын айтқан", - дейді марқұмның келіні.

Таңертең 66 жастағы әйелдің денесі темір жол бойынан табылған.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жоғалған әйелді пойыз қағып кетіпті. Оғиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
4
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір