RU
Қызылордада үш күннен бері ауыз сусыз отырған тұрғындар шу шығарды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада үш күннен бері ауыз сусыз отырған тұрғындар шу шығарды (фото)

Рассказать Вконтакте

Осыдан үш күн бұрын "Ескі құбырларды жөндеуге байланысты ауыз су беру бір түнге уақытша тоқтатылады", - делінген ресми хабарлама тараған. Алайда, 15 мамырда қосылуы тиіс құбыр әлі күнге дейін жөнделіп жатыр. Осының салдарынан тұрғындар үш күн бойы ауыз сусыз отыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қызылордалық

Фото: nur.kz

Ашу-ызаға булыған халық судың қашан берілетіндігін сұрап жатыр.

«Суға тағы не болды? 14 мамыр күні сағат 22.00-ден бастап 15 мамыр сағат 7.00-ге дейін су болмайды деп хабарлады. Содан кейін 15 мамыр сағат 23.00-ден 16 мамыр таңғы 7.00-ге дейін ескі линиядан жаңасына қосу жұмыстары жүреді және қай аудандарда судың болмайтындығын жазды.
Қызылордалық

Фото: nur.kz

Бірақ су бүкіл қалада жоқ. Алдында да солай болды. Үнемі осылай. Бүкіл қала бойынша су болмайтындығын бірден жазыңыздар.

Су қорын үнемі алып қоямыз, бірақ су азайып бара жатыр ғой. Ал сусыз өмір сүру мүмкін емес», — дейді ашынған халық әкімдіктегі шенеуніктерге.

Әлеуметтік желіде шарасыз тұрғындардың арықтан су құйып алып жатқан суреті тарап кетті.

Қызылордалық
«Масқара! Адамдар не істерін білмейді. Өтініш, 5-ші қабатта тұрамыз. Бірінші күннен бері су жоқ. Арықтың суын ішіп, ауырып жатырмыз. Су болмаса, водобозбен әкелсе болар еді», — деп жазба қалдырған олар.
Қызылордалық

Фото: nur.kz

Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгін кешкісін сағат 21.00-ге дейін ауыз су тұрғындарға берілуі тиіс. Әзірге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel