Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақылға қонымсыз": Жүз мыңға кітап сатқан Көпен Әмірбектің інісі елді шулатты

Опубликовано:

Қазақ сатирасының майталманы Көпен Әмірбектің інісі жарыққа шығарған кітабын 100 мың теңгеге бағалап, айды аспанға бір шығарды. Тіпті, ақыл азығын сатып алушы оқырмандар саны артқандықтан, автор болашақта кітап санын 1000 данаға жеткізуді жоспарлап отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Жүз мыңға кітап сатқан сатира саңлағының інісі жаға ұстатты
Жүз мыңға кітап сатқан сатира саңлағының інісі жаға ұстатты: UGC

Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері Көпен Әмірбектің інісі өзі басып шығарған кітабын 100 мың теңгеге сатып жатыр.

Қазақтың той өткізу тәртібінен сыр шертетін дүниені бұлай бағалауын автор ішіндегі мағлұматтар құндылығымен түсіндірді.

Оның айтуынша, той-думан өткізу салты жөніндегі кітапты табу мүмкін емес. Асқар Әмірбек өз туындысына сайма-сай "оқу құралы" тіпті ұлттық кітапханада да жоқ екенін айтып мақтана жөнелді.

Оған қоса, жас жазушысының негізгі мамандығы - заңгер болып шықты. Алайда, бүгінгі күні ол құнды кітапты шығарумен қатар, асабалық өнерін де алып жүрген көрінеді.

"10 жылдан бері той бизнесімен біте қайнасқан асабамын", - деп кеудесін қаққан азамат төл туындысының талай талантқа тура жол сілтейтінін айтты. Кітабын тым қымбат бағаға сатқаны үшін сөгіп жатқандарға да автордың жауабы дайын.

"Бұл еш жерден табылмас, құнды мәліметтерге толы кітап. Шарықтаған мына нарықта жүз мың теңгелік бағам лайық деп есептеймін", - деп қадап айтты Асқар.

Көпен Әмірбектің інісі өзінің қымбат бағаланған туындысы үшін жұршылықтың ашуын келтіріп, қатты сын астында қалды. Көпшілік қазақ тойы туралы кітап жазып, оны "ғарыштық" бағамен сатқан авторды ашық сөгіп жатыр.

"Кітапты қарадым. Былай онша ұнамады. Ренжісе ренжи берсін. Мынадай заманда кітапты олай бағалау - есі дұрыс адамның қылығы емес. Қағаз құрылымы оның бағасына тіптен сай емес" , - деп өз нарзылығын жас жазушы Арай Жұмашқызы білдірді.
"Танымал классиктер дүниелері тиын тұрғанда, мамандығы заңгер болған азаматтың той бизнесі жөнінде жазған туындысын жүз мың теңгеге алу ақылға қонымсыз", - деген пікір білдіруде желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732212-akylga-konymsyz-zz-myga-kitap-satkan-kpen-mirbekti-inisi-eldi-sulatty/

pixel