RU
Әріптестеріне тәтті тоқаш әкелген "әзілкеш" әйел жұмыстан қуылды
Жаңалықтар Әлемде

Әріптестеріне тәтті тоқаш әкелген "әзілкеш" әйел жұмыстан қуылды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та әріптестеріне тәтті тоқаш әкелген әйел жұмыстан қуылды. Себебі ол бір әріптесінің жұмыстан кетуіне арналған отырысқа іш жүргізетін ұнтақ қосып пісірілген тоқаш әкелген деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әріптестеріне тәтті тоқаш әкелген "әзілкеш" әйел жұмыстан қуылды

Әріптестеріне тәтті тоқаш әкелген "әзілкеш" әйел жұмыстан қуылды

Оқиға Мичиган штатының Сейлайн қаласында болған. Полицияны 47 жастағы әйел жұмыс істейтін компанияның өкілдері шақырады.

Оның әріптестерінің бірі басшылыққа әйелдің уланған тағам әкелетінін айтқан. Содан соң ол әкелген тәттілер тәркіленді.

Полицейлер оны тергеп, пісірілген тағамға сараптама жүргізетінін айтты. Басында іш жүргізетін ұнтақ қосқанын жоққа шығарған әйел кейін мойындаған.

Кінәсін мойындағаны үшін ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бірақ жұмыс беруші оны қызметінен қуған.

Полициядағылар бұл жағдайдың қайғылы аяқталуы мүмкін екенін айтты.

«Біз мұндай «қалжыңдарды» көбіне шоу мен фильмдерде көреміз. Бірақ негізінде бұл – қылмыс», - деді полиция өкілі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
4
1
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір