RU
"Реалға" ауыспақшы болған Неймардың қылығы Мессиге ауыр тиген
Жаңалықтар Әлемде

"Реалға" ауыспақшы болған Неймардың қылығы Мессиге ауыр тиген

Рассказать Вконтакте

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси каталониялық команданың бұрынғы форварды Неймардың "мадридтік "Реалға" ауысуым мүмкін" дегеніне пікір білдірді деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Неймар

Неймар мен Месси

"Неймардың "Барселона" үшін қандай маңызы барын ескере отырып, оның мадридтік "Реалға" ауысатыны - келеңсіз жағдай. "Барса" сапында жүріп ол көптеген жеңістерге жетті - Чемпиондар лигасы мен Ла Лига. Бұл барлығымыз үшін ауыр соққы болады. Сонымен қатар, ол "Реалды күштірек етеді", - деп жазады шетелдік спорт басылымы Мессидің сөзін.

Аргентиналық футболшы Неймармен сөйлесіп, жағдайдың барлығынан хабардар болғанын айтты.

Неймар 2013-2017 жылдары аралығында "Барселона" сапында өнер көрсетті. Өткен жазда ол каталониялық клубтан 222 миллион еуро ұсынған ПСЖ-ға кетті.

Соңғы кездері БАҚ Неймардың ПСЖ-дан кетуді жоспарлап жүргенін көптеп жазуда. Себебі бразилиялық сұрмерген Франция чемпионатының деңгейіне көңілі толмайды екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel