RU
Дені сау бала босанғысы келген әйел қатерлі ісігін емдетуден бас тартты
Жаңалықтар Әлемде

Дені сау бала босанғысы келген әйел қатерлі ісігін емдетуден бас тартты

Рассказать Вконтакте

АҚШ тұрғыны құрсағындағы егіздерді дүниеге аман-сау алып келу үшін қатерлі ісік ауруына ем қабылдаудан бас тартқан. Нәтижесінде әйелдің дерті дендеп қайтыс болды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото : Даниэль Дик

Фото : Даниэль Дик
Source: UGC

32 жастағы Даниэль Дик дені сау егіздерді дүниеге алып келген соң 10 ай жатып, 26 сәуірде көз жұмған.

2011 жылы дәрігерлер Даниеэльдің тері обырын алып, бес жыл бойы мамандар бақылауында болған. 2015 жылы ол тұңғыш сәбиін дүниеге алып келеді.

Әйел екінші рет жүкті болғанда оның бұрынғы дерті қайтадан белгі бере бастайды. Жүктіліктің бесінші айында ол тіпті ауыз ашып сөз айта алмайтын жағдайға жетеді.

Дениэль аяғы ауыр кезде қатерлі ісікке шалдыққанын білсе де, балаларын дүниеге аман алып келу үшін емделуден бас тартады. Осылайша, егіздерді босанған соң, бірден ота жасатып, ісіктерді алдырған. Алайда бұл уақытта ауруы қатты асқынып кеткен көрінеді. Сондықтан ол жаңа туған нәрестелерімен бар болғаны 10 ай өмір сүріп, көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
9
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel