RU
Өмірлік серігіне тұрмысқа шыққан әйел тойдан кейін қайтыс болды
Жаңалықтар Әлемде

Өмірлік серігіне тұрмысқа шыққан әйел тойдан кейін қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританиядағы Челмсфорд қаласының тұрғыны Кэти Саттерби өз үйлену тойынан кейін араға үш күн сала көз жұмды. Мерекелік салтанатқа дейін бес апта бұрын 29 жастағы әйелде қатерлі ісіктің соңғы кезеңі анықталыпты. Алайда, ғашықтар ештеңеге қарамастан неке қию іс-шарасын өткізгісі келген деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

29 жастағы мұғалімге қатерлі ісік диагнозы тым кеш қойылған.

Кэтиді бұған дейін де асқазаны мен іш ауруы мазалапты. Алайда, дәрігерлер қорқатындай күрделі нәрсе жоқ деп сендірсе керек.

Тойға дейін бес апта бұрын толығымен медициналық тексерілістен өткен әйелден аса ауыр дерт анықталған. Ішектің қатерлі ісік дерті соңғы сатысын еңсеріп қойғанын мәлімдеген мамандар Кэтиге санаулы күндер қалғанын ашық айтты.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

"Ол той күні сондай ерекше сұлу болды. Бұл мен арманымдағы үйлену салтанаты болғаны рас. Мен оның кеш соңына дейін шаршап қалмауына қатты қобалжыдым. Бірақ менің Кэтиім батылдық танытты. Ол неке қию күні өзін мықты ұстады. Қандай жағдай болмасын, менің жұбайымның дәл осы әйел болғанына қатты қуанамын", - дейді сүйіктісінен айырылған ер адам.

Марқұмның туыстары ішек қатерлі ісігін анықтаудың жіті бақылау негізінде іске асырылғанын қалайды.

Олардың айтуынша, ішім ауырып жүр деп ойлайтын адамдар шын мәніндегі ауыр дертті ерте кезеңде анықтап, оны емдеп алуға толықтай құқылы.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Бастапқы сатыларында анықталған қатерлі ісікке шалдыққандардың емделіп кетуіне 97% кепілдік берілген.

Ал ауыр дерт жайлы соңғы төртінші кезеңде ғана білген адамдардың сауығып кетуге мүмкіндігі жоқ. Олар тек қалған күндерін санауға ғана қауқарлы.

Кэтимен қош айтысуға мектеп мұғалімдерімен қоса өзі тәлім берген оқушылар мен олардың ата-аналары да түгел келген.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
18
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір