RU
Ресейлік аруларды "сындыру" әдісін ұсынған аргентиналықтар ұятқа қалды
Жаңалықтар Әлемде

Ресейлік аруларды "сындыру" әдісін ұсынған аргентиналықтар ұятқа қалды

Рассказать Вконтакте

Аргентина футбол қауымдастығы Әлем чемпионатына бар жағынан дайын болуды көздеймін деп, ыңғайсыз жағдайға тап болды. Қауымдастық Ресейге аттанатын журналистерге берген анықтамалығында бұрын-соңды болмаған бөлім анықталған. Футбол туралы ақпарат беруді мақсат еткен БАҚ өкілдеріне ресейлік аруларды жаулап алу әдістемесі де берілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлем чемпионатында ресейлік аруларды жаулап алу әдісін ұсынған аргентиналықтар ұятқа қалды

Әлем чемпионатында ресейлік аруларды жаулап алу әдісін ұсынған аргентиналықтар ұятқа қалды

Ресейде өтетін әлем чемпионатына футбол ойындарынан жедел ақпарат таратуға аттанбақ болған аргентиналық журналистерге ресейлік сылқымдарды өздеріне қаратып алу әдісі де түсіндірілген.

Аргентина футбол қауымдастығы өзінің БАҚ өкілдеріне тиісті анықтамалық талаптардан бөлек, қыз сындыру амал-тәсілдеріне де артық етпес деп ойласа керек.

Анықтамалықта пайда болған ерекше бөлімде, орыс қызына ұнағысы келген ер адамға таза болып, әдемі киініп жүріге кеңес берілген. Оған қоса, қауымдастық отандастарына орыс қыздың жүрегін жаулау әрекеттеріне алдын ала дайындалып, әңгімелесу қабілетін арттырған жөн деп айтқан.

"Ресейлік арулардың басым көпшілігі өзіне сенімді жігіттерді жақсы көреді. Сол себепті, сылқымдармен сырласуға алдын-ала дайындалған абзал", - деп жазылған құжатта.

Өз сезімін білдіруден ұялатын жігіттерге де қауымдастықтың келелі кеңесі табыла қойған.

"Біз ресейлік әйелдер үшін басқа елден келген бейтаныс адаммыз. Ал кез келген ару өзі үшін құпия еркектерді жақсы көретіні сөзсіз. Біздің өзге елден болу ерекшелігіміз ресейлік ер азаматтар алдындағы артықшылығымыз екенін ұмытпау керек", - деп қауымдастық өз ерекшелігін тиімді қолданудың маңыздылығын да атап өтті.

Желіде күлкіге айналған бұл бөлім, бірер уақыттан соң анықтамалық ішінен жоқ болып кетті. Журналистерге таратылған ресми құжаттың жаңартылған нұсқасында орыс қыздарды жаулау бөлімі табылмай қалған.

Бұл оқиғаға қатысты аргентиналық футбол қауымдастығының айтары әзірге жоқ. Олар күлкілі бөлімді құжат ішіне кім енгізіп жібергенін білмейтіндерін айтты.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір