RU

Алматыда із-түссіз кеткен жеті баланың анасы аман-есен табылды

Алматыда 13 мамыр күні таңертең жоғалып кеткен 48 жастағы Дариға Әбілахимова аман-есен табылды. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда із-түссіз кеткен жеті баланың анасы аман-есен табылды
Алматыда із-түссіз кеткен жеті баланың анасы аман-есен табылды: UGC

Әйел кеше түнде табылыпты. Туыстарының айтуынша, ол қазір ауруханада екен.

Алайда, оның денсаулығына не болғаны белгісіз, полицейлер оның аман-есен екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Дариға Әбілахимованың осы күнге дейін қайда болғаны да әлі айтылмай отыр.

Еске салайық, 7 баланың анасы 13 мамыр күні таңғы 5:30 шамасында Райымбек даңғылының бойындағы "Жібек жолы" автобөлшек сататын базардан "Апорт" сауда орталығына қарай шығып кетіп, содан оралмаған.

Туған-туыстарының айтуынша, ол таңертең ерте саумал алып келмек болыпты. Ешкіммен ұрыс-керіске бармаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732229-almatyda-iz-tssiz-ketken-zeti-balany-anasy-aman-esen-tabyldy.html