RU
Жерлестерін қажылыққа жіберген жетісайлық кәсіпкер көпті тәнті етті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Жерлестерін қажылыққа жіберген жетісайлық кәсіпкер көпті тәнті етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Жетісайлық кәсіпкер өз қаржысына 10 адамды қажылыққа жіберіп, мәрттік танытты. 39 жастағы тұрғын Нұрдәулет Түркменбаев өзінің жерлестеріне қажылыққа барып қайтуына демеушілік жасаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Жетісай

Жетісай

Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының 39 жастағы тұрғыны Нұрдәулет Түркменбаев өзінің 10 жерлесіне қажылыққа барып қайтуына демеушілік жасады.

Диқаншыларды егістікке қажетті жабдықпен қамтып отырған кәсіпкердің өзі осыдан он жыл бұрын қажылыққа барып келген.

Одан соң 2011 жылы екінші рет бес парыздың бірін өтеген ол 2014 жылы ата-анасын ғибадат ету сапарына жібереді. Ал 2016 жылы жұбайы және ұлымен бірге тағы да сапарға аттанған.

Арада уақыт өткен соң мешітке жиі бас сұғып, Аллаға құлшылық жасаушы жамағатымен бірге қажылыққа баруды көздеген ол биыл 30 адамның бес парыздың бірін орындап қайтуына мұрындық болып, 10 адамға кеткен шығынды өз мойнына алады.

Жетісай

Жетісай

"Кәсіп бастап, Алланың қалауымен ісім дөңгелей түсті. Алғаш рет қажылыққа баруыма ауылдағы имамдар себепші болды. Олар кімде-кімнің дүниесі жетіп тұрса, қажылыққа бару - парызы, деп айтқан. Кәсіп көзін таба бастаған соң алғашында зекет беруді қолға алдым. Қазір де оны жалғастырып келемін. Кейінірек бес парыздың бірін орындауға бел будым", - дейді кәсіпкер азамат.
Жетісай

Жетісай

Қайырымдылық жасаған азамат биыл барған сапары кезінде орын алған естелігімен бөлісті.

"Осыдан үш жыл бұрын, яғни, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша азан шақыру жарысынан жеңіп шыққан Талғат есімді азамат өзі арабша жақсы біледі. Намаз уақыты таяп қалған сәт болатын, Меккедегі орталық мешітке барлығымыз бардық. Сонда Талғат ондағы имамдармен сөйлесіп, құптан намазы кезінде азан шақырды. Арабтар қазақ баласының дауысына таң қалысты. Керемет әсерде болдық", - деді Нұрдәулет Түркменбаев.
Жетісай

Жетісай

Кәсіпкер азамат қажылыққа баруды ниет еткендерге демеушілік жасауды алдағы уақытта да жалғастырмақ ниетте.

"Әрбір мұсылман азамат қажылық кезінде алдымен елдің тыныштығын тілейді ғой. Біз де бірінші кезекте елдің, елбасының амандығын тіледік. Алла нәсіп етсе, әр жылы демеушілік көрсетемін деген ниетім бар", - деп сөзін жалғады қайырымды жан.
Жетісай

Жетісай

Жетісайлық тұрғын сөзінің соңында бұл дүние амал дүниесі екенін, сол себептен алдымен ата-анасына, туыстары мен мұсылман жамағатқа қолынан келгенінше көмек қолын созуды басты парызы санайтынын жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
2
36
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір