RU
Түріктер Израиль елшісін халықтың алдында масқаралады (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Түріктер Израиль елшісін халықтың алдында масқаралады (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркия әуежайында израилдік елші өз дербес құқықтылығына қарамастан тінту шараларына тап болды. Түрік мемлекетінің істеген әрекеттері Израиль билігін қатты ашуға бой алдырған. Еврей мемлекеті өз отандастарына жасалған заңсыз тексерісті қасақана кемсіту ретінде қабылдады деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: www.aa.com.tr

Фото: www.aa.com.tr

Израильдің сыртқы істер министрлігі орын алған оқиғаға байланысты түрік саясатына ашық наразылығын білдірді.

Стамбул әуежайында болған израилдік елші ойламаған жерде қатаң тінту шараларына тап болған. Әуежай қызметкерлері дербес құқықтылығына ие өзге ел саясаткерін көпшілік алдында тексерді.

Еврей мемлекетінің елшісін тінтіп жатқанын оқиға орына келіп жеткен жергілікті ақпарат құралдары түсіріп әлек болған. Бұл жайт Израиль билігінің титығына тиді. Олардың айтуынша, ойламаған жерден шыға қалған тексерістің болатынын журналистер қауымы алдын ала білсе керек.

Фото: www.aa.com.tr

Фото: www.aa.com.tr

Израиль министрлігі бұл оқиғаны қасақана істелінген кемсіту мен адам құқықтарын қорлау әрекеттері деп таныды.
Фото: www.aa.com.tr

Фото: www.aa.com.tr

Екі ел арасында кикілжің АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Иерусалимге қоныс аударуынан бастау алды. Оның нәтижесінде Газ секторында наразылық шаралары болып өтіп, израилдік әскерилер оған қатысушыларға оқ жаудырған. Қарсыласу салдарынан 2,2 мың адам зардап шегіп, 60 адам көз жұмды.

Бұл күрделі мәселеге байланысты Түркия өзінің Вашингтон мен Тель-Авивтергі елшілерін ақылдасуға арнайы шақыртып алған. Келесі күні Израиль де өзінің түрік елшісіне Иерусалимге келуге бұйрық берді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір