Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Плагиаттан көз ашпады: Мөлдір Әуелбекова өзін сынағандарға жауап берді (видео)

Опубликовано:

Әуелбекованың «Арман алдамайды» клипі жарыққа шыққанда жұрт көшірме ән екенін айтып, сынға алған еді. Ол ресейлік өнерпаздың туындысына ұқсап кеткен. Енді Мөлдір басқаратын «Назар» тобының алғашқы бейнебаяны да плагиат болып шықты. Аталмыш қыздар ұжымының «Анажан» атты видеосы өзбек әншісі Бахром Назаровтың «Етимлар» туындысының қазақша аудармасы деп хабарлайды NUR.KZ.

көшірме әндер
Мөлдір Әуелбекова: UGC

Бірақ Әуелбекова «автордан рұқсат алдық» деп ақталды.

«Бізде былай болды. Мен рұқсат алдым. Мен Бахром ағаға өзім хабарласып, қағаз жүзінде рұқсат алдық. Бұл әнді де, бейнбаянды да көрдім. Көңіліме қатты жаққандықтан, сол ән арқылы, дәл сол көршілес елдегі ағамыздың айтқысы келгенін біздің елге жеткізгім келді. Ол ешқандай да плагиат емес. Мен қағаз жүзінде, заңды түрде рұқсат алып, өзінің нақышында, жазылған шумақтарын қазақ тіліне аударып, заңды түрде жасаттық», - дейді Мөлдір.
көшірме әндер
"Назар" тобы: UGC

Әуелбекованың айтуынша, қазақ өнерпаздары ән ұрлауға құмар. Шет елдік хиттерге қызыққан отандық әншілер, заңды белшесінен басып, авторлық құқықты бұзуға еттері үйренген дейді.

«Плагиатты біздің елдегі әншілер көп жасайды. Плагиат деген ұралған ән. Өзге мемлекеттегі композитордың әнін алады. Ол ән әбден хит болып, халыққа сіңген ән. Оны алады да, қазақша сөз жаздырып, бейнебаян шығарып, ол біздің елде де хит болып жатады. Әрине, оны бәрі мойындап қойғандықтан, ол хит болады», - дейді Мөлдір Әуелбекова.

Өзге елдегі әріптестерінің әніне жиендік жасауда Жігер Ауыпбаев та қалыс қалмаған. «Меломеннің» экс-мүшесі орындап жүрген «Алдамадым» атты трек, өзбек әншісі Шакрух Ханның репертуарынан. Ауыпбаев мұнымен тоқтап қалмапты. Оның ән қоржынындағы «Тіке тіке» туындысын да қазақ композиторлары жазбаған.

«Мен репертуарымда «Кінә кінә» деген ән бар. Ол армян елінің әні. Өзіме қатты ұнағандықтан алдым. Ол кезде өзім шығармашылық тоқырауда жүрген едім.

Сол кезде жазған әнім. Рұқсатын алдым», - дейді Жігер Ауыпбаев.

Айтпақшы, Дастан Оразбековтің «Көк аспан» әнін айыр қалпақты ағайындардан алған. Аталмыш ән, қырғыз композиторы Мейірбек Атабековтің авторы туындысы екен. Бірақ, қазақ-қырғыз өнерпаздарының өзара достығы бар.

«Плагиат деп кінәлаудың қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Өйткені біздің Мейірбек екеуміздің достығымызды бәрі біледі. Қарым-қатынасымыз теріс емес, оң! Біз оның 10 жылдық концертіне барып өнер көрсетіп жүрміз. Ол біздің мерекелерімізге қонақ болып келеді. Бірақ мен Мейірбекке айттым. Бұл әннің сөзін, мағынасы мүлдем өзгертемін, өзімше жазамын дедім. Ол сенің өзіңнің еркің деді. Бірақ қырғыз тілінде де алғашқы сөзі «Көк аспан» деп басталады. Маған ұнады. Сондықтан мен де «көк аспан» деп қалдырдым», - дейді Дастан Оразбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732256-plagiattan-kz-aspady-mldir-uelbekova-zin-synagandarga-zauap-berdi-video/

pixel