RU

Анасына ұсыныс жасаған сәтте дәрет сындырған сәби елді күлдірді (видео)

Мичиган штатында тұратын Кевин мен Алисаның неке жүзігімен алмасу сәті желіде тарап, жұртты күлкіге қарық қылды. Онда әйелдің үш жасар баласы шалбарын шешіп, салтанатты сәттің басты кейіпкеріне айналған деп хабарлайды Lemurov.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Lemurov.net
Фото: Lemurov.net: UGC

Видеожазбаға кездейсоқ түсіп қалған Оуэен субұрқақтың жанында ойнап жүріп, дәретке барғысы келеді. Ал енді ғана бас қосып жатқан ата-анасы оны тыңдамай, салтанатты рәсімдерін жалғастыра береді.

Фото: Lemurov.net
Фото: Lemurov.net: UGC

Кішкентай азамат өздігінен әрекет етіп, болашақ әкесінің артында тұрып дәрет сындырған. Ал онда жиналған қонақтар баланың ісін көріп тұрса да, некелесіп жатқан сәтті бұзбайық деп үнсіз қалыпты.

Фото: Lemurov.net
Фото: Lemurov.net: UGC

Осының арқасында видеоға анық түскен сәби желіде хитке айналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732257-anasyna-synys-zasagan-stte-dret-syndyrgan-sbi-eldi-kldirdi-video.html