RU
Ғалымдар: Төсек қатынасынан ләззат алу көру қабілетіне қауіп төндіреді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар: Төсек қатынасынан ләззат алу көру қабілетіне қауіп төндіреді

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар төсек қатынасынан ләззат алу көз жанарына кесірін тигізетінін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы gorodkirov.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төсек қатынасы. Фото: oboi-dlja-stola.ru

Төсек қатынасы. Фото: oboi-dlja-stola.ru
Source: UGC

Зерттеушілердің сөзіне сенсек, жыныстық қатынас кезіндегі ләззат көз жанарындағы қысымды көбейтіп, ондағы қан тамырларының зақымдалуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Белгілі болғандай, 29 жастағы Саутгемптон тұрғыны сол жақ көзі нашар көре бастағанын айтып, емханаға жүгінген. Ол дәрігерлерге құштарлыққа толы жыныстық қатынастан кейін көру қабылеті нашарлағанын айтады.

Ер азаматтың көзін тексерген дәрігерлер, оның көз жанарында қысым артып, көзіне қан құйылғанын анықтады. Бұл жайтқа төсек қатынасы кезінде алынған ләззат себеп болыпты.

"Оргазм кезінде қысым жоғарылап, қан тамырлары жарылуы әбден мүмкін", - дейді ғалымдар.

Соңғы рет осыған ұқсас алты жағдайдың тіркелгенін алға тартқан зерттеушілер жыныстық қатынаста әсіресе ерлерді абай болуға шақырды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
2
4
3
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel