RU

Қарағандыда кафеге ақша төлемей, қашып кеткен аруларға іздеу жарияланды (видео)

Қарағандыда мейрамханаға тамақтануға келіп, ақшасын төлемей қашып кеткен екі бойжеткенге іздеу салынып жатыр. Олар ішкен-жегенінің ақысын төлемей, күнкөріс жағдайы төмен даяршының обалына қалған деп хабарлайды sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: скриншот
Фото: скриншот: UGC

Аталмыш арулар мейрамхананың бейнебақылауына түсіп қалыпты.

"Empire Pub-қа екі қыз келген. Барынша көңілдерін көтерді. Түрлеріне қарасаң әп-әдемі. Есепшотты сұрап алып, кейіннен төлемей қашып кетті. Далаға шылым шегуге шыққан болатын. Даяшы сол уақытта екеуіне қарап тұрды. Бір уақытта қастарына көлік келіп тоқтап, екеуі де темекілерін лақтыра сала, көлікке мініп қашып кетті. Қыздардың киіміне қарап, жағдайы жоқ деп айта алмайсың", - деп жазады мейрамхана өкілі.

Айта кетейік, екі бойжеткенге қызмет еткен даяршы қыздың отбасылық жағдайы мәз емес екен. Ол тіпті мейрамханада түнеп, күнін көріп жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732263-karagandyda-kafege-aksa-tlemej-kasyp-ketken-arularga-izdeu-zarialandy-video.html