RU
Сүйіктісіне үйлену үшін оны 41 күн бойы арбамен сүйреген жігіт жұртты тәнті етті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сүйіктісіне үйлену үшін оны 41 күн бойы арбамен сүйреген жігіт жұртты тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Ганьсу провинциясында ессіз ғашық жігіт сүйіктісіне үйлену үшін оны мыңдаған шақырым бойы арбамен сүйреген. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қос ғашық. Фото: kaktus.media

Қос ғашық. Фото: kaktus.media

41 күн бұрын теңіз жағасында орналасқан Вэйхай қаласына жол тартқан қос ғашық діттеген жеріне жету үшін әлі мыңдаған шақырым жүріп өтуі тиіс.

"Менің сүйіктім теңізді көруді армандайды. Бірнеше жыл бұрын оны теңізге арбамен алып баратыныма сөз берген едім. Енді сол сөзімде тұрып жатырмын", - дейді жігіт.

Бойжеткен жігітке сөзінде тұрған жағдайда тұрмысқа шығуға уәде етіпті. Ол сүйіктісін қатты шаршатпау үшін арасында арбадан түсіп, қасында жаяу жүреді екен.

Тіпті кей кездері ару арбаны өзі сүйреп, көмекке шығып отыратын көрінеді. Ал жаман ауа райында қос ғашық қонақ үйге қоныстантынын алға тартты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір