RU
Месси "Реалдың" артықшылығын ақыр соңы мойындады
Жаңалықтар Әлемде

Месси "Реалдың" артықшылығын ақыр соңы мойындады

Рассказать Вконтакте

Әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси мадридтік "Реалдың" өзіне ғана тән артықшылығы жөнінде пікір білдірді. "Барселона" ойыншысының басты қарсылас жайлы айтылған мәлімдемесі каталониялық жанкүйерлер көңілінен шықпай қалған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Лионель Месси жақын арада берген сұхбатында "Барселонаның" басты бәсекелесінің бойында бар артықшылығын ашып айтты.

"Реал Мадрид сапында әлемнің ең үздік футболшылары өнер көрсетеді. Олардың әрбір позициясында өз алаң шеңберінің майталмандары ойнайды. Біздің команда да мықты ойыншылар жеткілікті. Алайда, мадридтіктердің шынымен де өздеріне ғана тән ерекше қасиеті бар.
Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Өздерінің ең жаман ойын үлгісін көрсеткен кездерінде де олар мойынсұнбай, ұйымшылдығының әсерінен бірігіп қажетті нәтижеге қол жеткізіп жатады. Біз оларды жеңуіміз үшін коммандалық ойынымызды жақсартуымыз керек", - деп айтты аяқдопшы.

Мессидің бұл сөздері біраз каталониялық жанкүйерлерін алаңдатса керек. Футболшы сөздеріне қарағанда, "Барселона" ұйымшылдығында күрделі қиыншылдық туындаған көрінеді.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Оған қоса, аргентиналық жұлдыз Испания чемпионаты мен кубогын жеңгенімен, өз командасына риза бәрібір риза еместігін білдірді. Оның бұл мәлімдемесіне каталониялық команданың чемпиондар лигасында көрсеткен осал ойыны мен тым әлсіз бәсекелестігі себепкер болған.

"Биылғы чемпиондар лигасында біз нашар ойын көрсеттік. Қарсылас алдында есеп бойынша озып тұрып ұтылып қалдық. Жартылай финалда ұшып кетіп, чемпиондар лигасымен қош айтыстық. Бұл ұтылыс команда рухын түсіріп тастады", - деп бөлісті Месси.

Шабуылшының "Реал Мадрид" жайлы айтқан сөздері көпшілік барсафандарға ұнамай қалған. Өз жұлдыздарының баяғыдан келе жатқан қарсыластың "Барсадан" мықтырақ екенін мойындағаны оларға ауыр тиген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel