RU
Ет жемейтін адамның миы азайып қалатыны рас па?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ет жемейтін адамның миы азайып қалатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Оксфорд университетінің ғалымдары қызықты зерттеу жүргізіп, вегетариандардың бас ми көлемі кішірейгенін байқаған. Бұл туралы Новости Ю сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: Новости Ю

Көрнекі фото: Новости Ю

Бүгінде ет өнімдерін тұтынудан бас тартқан адамда саны артып келеді. Олар ет жеуді тоқтатқалы өздерін жақсы сезінетінін айтады. Алайда ғалымдар еттен бас тарту - адамның миына аса қауіпті деп отыр.

Оксфордтық зерттеушілер 18-87 жас аралығындағы ет жемейтін адамдарды тәжірибеде сынап, бір жыл бойы тексеру жүргізіп отырған.

Тура 12 ай өткен уақытта вегетариандардың миын қайта бақылаған мамандар оның көлемі мен белсенділігі төмендеп кеткенін аңғарған.

"Бұрыннан ет жемейтін адамдардың ми көлемі енді ғана ет жеуден бас тартқан эжандарға қарағанда қаттырақ кішірейген. Себебі оларға тек ет пен балықтан келетін В12 дәрумені жетіспейді", - дейді зерттеушілер.

Аталмыш дәрумен адам ағзасындағы зат алмасу процесін жақсартып, липидтер мен көмірсудың дәрежесін қалыпты етеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel