RU
Назарбаев әлемнің ең басты бес мега-трендіне не жататынын айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев әлемнің ең басты бес мега-трендіне не жататынын айтты

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада өтіп жатқан Global Challenges Summit экономикалық форумында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемде орын алып жатқан басты 5 мега-трендт туралы мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Назарбаев әлемнің басты бес мегатрендіне не жататынын айтты

Назарбаев әлемнің басты бес мегатрендіне не жататынын айтты

Президент алғашқы маңызды үрдістердің біріне – цифрландыру жүйесін жатқызды. Бұл ретте мемлекет басшысы елімізде аталған бағытта «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қабылданғанын атап өтті.

Сондай-ақ, ол әлемде орын алған келесі бір тренд ретінде – энергетикалық революцияны атады.

"Қазақстан бұл үрдістен де тыс қалып жатқан жоқ. Бұған дәлел былтыр елімізде «ЭКСПО» 2017 көрмесінің өткізілуі болып отыр. Жалпы біз 2030 жылға дейін баламалы энергия үлесін 30%-ға арттыруды көздеп отырмыз", - дейді Назарбаев.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы өз баяндамасында үшінші тренд ретінде – жаһандағы адамзат санының барынша тез өсуін атап өтті.

"Қазақстанда тек тәуелсіздік жылдары ғана адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7 жылға, яғни, 65-тен 72,5-ке ұзарды. Болашақта егер әлемдегі халық саны 10 млрд-қа жететін болса, азық-түлікті 60%-ға артық өндіруге тура келеді", - деді ол.

Президент атап өткендей, әлемдегі төртінші тренд – урбандалу үрдісі болып отыр.

"Бұрын бізде миллион халқы бар тек бір ғана қала – Алматы болса, қазір оған Астана мен Шымкент қосылып отыр. Бұл үрдіс одан ары да жалғаса береді. Осыған орай, біз Астананың 20 жылдығына орай, 5 шілдеде ірі қалалар форумын өткізбекпіз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал бесінші трендке елбасы– жаһандық еңбек нарығының түрленуін жатқызды.

Мемлекет басшысының айтуынша, адам миын көп ұзамай роботтар алмастыруы мүмкін.

"Бұл тұста білім саласын реформалау мәселесін атап өткен жөн. Қазір ғылыми-техникалық дәуірдің қарыштап дамып тұрғаны соншалық, адамдар өмір бойында бірнеше мамандық ауыстыруына дайын болуы керек", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін елордада Астана экономикалық форумы өтуде. Оған мемлекет басшысымен бірге әлемнің түрлі елдерінен келген мәртебелі меймандар қатысуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
3
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel