Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Іш киімсіз жүрудің адам денсаулығына қандай пайдасы бар?

Опубликовано:

Әлемнің үздік ғалымдары біріге отырып жүргізген зерттеу жұмыстары нәтижесінде іш киімсіз жүрудің ерекше пайдасы анықталды. Мамандар жазда іш киім киіп жүру адам денсаулығына қауіпті екенін дәлелдеді деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Жаз уақытысында іш киіммен жүрудің қауіпті болуының басты себебі терлеу болған. Тершеңдік салдарынан дымқылданған дамбал бактериялардың сүйікті мекеніне айналады.

Бактериялар

Фото: MedAboutMe
Фото: MedAboutMe: UGC

Гинекологтар тері қышымасы болмаған жағдайда қақаған ыстықта іш киімсіз жүрген жөн деп есептейді. Өйткені жыныс мүшелерінің өзі дымқыл келгендіктен, 30 градустық ыстық салдарынан адам одан бетер терлейді. Оның нәтижесінде бактериялар қаптайды.

Ісіну

Фото: MedAboutMe
Фото: MedAboutMe: UGC

Ыстық ауа райында іш киім теріні қажап тастауы әбден мүмкін. Оның салдарынан жыныс мүшесінің маңы ісініп кетеді. Бұл жайт қан айналымның бұзылуына тура апар жол.

Мәселен "стринги" дамбалдары жыныс мүшесіне анальді бактериялардың кіріп кетуіне себепкер болған. Сексуалды денсаулық жөніндегі маман Синди Баршоптың айтуынша, тері қажалуы салдарынан дене мен жыныс мүшелерінің ісінуі орын алып, ұзаққа дейін кетпей қояды.

Жыныстық қатынас жиілігі

Фото: MedAboutMe
Фото: MedAboutMe: UGC

Мамандардың айтуынша, іш киімсіз жүрген адамдар күні бойы жыныстық қатынас жайлы ойлауын заңдылық санайды. Ал жиі төсектес болатындардың денсаулығы жақсара түсетінін бәрі де біледі.

Танымал жұлдыздар арасында іш киімнен бас тартқандар қатарында Риз Уизеспурн, Шерон Стоун, Кейт Мосс, Светлана Лобода, Лолита Милявская бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1732284-is-kiimsiz-zrudi-adam-densaulygyna-kandaj-pajdasy-bar/

pixel