RU

ШҚО-да автобус жүргізушісі тоғыз жасар қызды қағып өлтірді

Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолымен жүріп келе жатқан балақайды қағып кетті. Тоғыз жасар қыз оқиға орнында жан тапсырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: kabarlar.org
Фото: kabarlar.org: UGC

Шағын ауданнан қала орталығына қарай бағыт алып келе жатқан автобус қозғалыс қауіпсіздігін дұрыс тексермей, нәтижесінде жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен.

ШҚО ІІБ-ның мәлімдеуінше, 9 жасар қыз автобустың жойқын соққысынан оқиға орнында көз жұмды.

Жан-жағына дұрыс қарамай салғырттық танытқан жүргізуші уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732286-sko-da-avtobus-zrgizusisi-togyz-zasar-kyzdy-kagyp-ltirdi.html