RU

Әйелдердің неліктен бедеулікке тап болатыны белгілі болды

Дәрігерлер бала тууға қабілетті деп тапқанымен, көптеген қыз-келіншектер сәби көтере алмай жүреді. Бойында ешқандай сырқаты болмаса да, бедеулікке тап болған нәзік жандыларды зерттеген ғалымдар бұл құпияның сырын ашты деп хабарлайды fakty.ictv.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Meddoc
Фото: Meddoc: UGC

Францияның денсаулық сақтау ұйымы ана атануға гормондардың ауытқушылығы мен жастардың гормон сәйкессіздігі себеп болатынын алға тартуда.

Сондай-ақ, дәрігерлер оның туа бітті мюллерге қарсы гормондардың көптігінен де болуы мүмкін деп есептейді.

Айта кетейік, жүкті әйелдерде қарапайым адамға қарағанда гормондық өзгеріс 30%-ға артып кетеді екен.

Аяғы ауыр келіншектердің көңіл-күйі жиі құбылып, өзін-өзі түсінбейтін жағдайға түсетіні де сондықтан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732316-jelderdi-nelikten-bedeulikke-tap-bolatyny-belgili-boldy.html