RU
Белгілі ғалым адамзатты болашақта не күтіп тұрғанын болжады
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі ғалым адамзатты болашақта не күтіп тұрғанын болжады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада өткен экономикалық форумда әлемнің түрлі елдерінен келген ғалымдар мен сарапшылар жаһандық проблемалар төңірегінде ой қозғады. Солардың бірі - физик, футурист және ғалым Митио Каку адамзатты алдағы жылдары не күтіп тұрғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Митио Каку. Фото: wikipedia.org

Митио Каку. Фото: wikipedia.org

Митио Какудың сөзінше, болашақта әлемде компьютер сөзі толығымен жойылады.

"Мәселен қазірдің өзінде электр сөзінің өзі жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр. Интернет дегеннің өзі біздің линзамызда "пайда болуы" мүмкін. Адамдар көзін бір рет жұму арқылы онлайн режимде бола алады. Ондай линзаларды сатып алушылар кімдер болмақ? Меніңше студенттер. Себебі олар көздерін жұму арқылы барлық сұрақтардың жауабын ала алатын болады. Ондай линзаларды әлемнің барлық тіліне аударуға мүмкіндік туады", - дейді белгілі ғалым.

Сонымен бірге ғалым болашақта адам ағзасын алмастырушыларды сататын дүкендердің де пайда болатынын атап өтті. Ол тіпті жақын арада адамның бауырын алмастыратын "заттың" да ойлап табылатынын тілге тиек етті.

"Мұндай чиптер ақылды болмақ. Сіздер оған сұрақ қойып, жауап ала алатын боласыздар", - дейді ол.

Ғалымның пікірінше, алдағы уақытта әлемде адамдар "құдайға" бір табан жақын болатын көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
4
6
1
1
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір