RU

Қарақат қызының тұсаукесеріне келмеген Мәдинаға бағалы сыйлық жасады (видео)

Күні кеше қыздарының бір жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өткен Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағына кешігіп жеткен Сәдуақасова бағалы сыйлыққа ие болды. Тойға қатыса алмаған құрбысына Қарақат қазақы нақыштағы астауды сыйға тарқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Мәдина мен Қарақат. Фото: Instagram
Мәдина мен Қарақат. Фото: Instagram: UGC

Бұл жайында Сәдуақасова Instagram парақшасына салып қойды. Қарақат достығы жарасқан өнердегі құрбысына "Жұғысты болсын" деп ырымдап, сыйлығын ұсынған.

"Жүрегім Қақатым, сендей жан бұл өмірде жоқ қой. Құтты болсын той. Ақ дастарханың тек жақсылыққа, қуанышқа жайылсын", - деген ізгі лебізін жолдаған әнші, бұл сәтті түсіріп алған.

Жұлдызды жұп бір жыл бойы қыздары Аяланың жүзін көпшіліктен жасырып, күні кеше халыққа таныстырған болатын.

Дүркіреп өткен тойға еліміздің жұлдыздары түгелдей дерлік қатысып, тіпті Аялаға арнап флешмоб та ұйымдастырған.

Ал құрбысының тойына шығармашылық жұмыстарына байланысты қатыса алмаған Мәдина Сәдуақасова қуанышқа жиналған сыйлықтарды тамашалап жатқанын айтып, оқырмандарына видео жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732343-karakat-kyzyny-tsaukeserine-kelmegen-mdinaga-bagaly-syjlyk-zasady-video.html