RU
Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына 15 жыл
Жаңалықтар

Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына 15 жыл

Рассказать Вконтакте

Биыл Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрынының құрылғанына 15 жыл. Театр ұжымы айтулы мерекеге орай, арнайы концерт ұйымдастырып, жаңа маусымдық бағдарламасын көрермен назарына ұсынды. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Театр әлемі» атты шараға қатысып, шығармашылық топтың өкілдерін құттықтады.

Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына 15 жыл

Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына 15 жыл

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов: «Театр ұжымының облыстық, республикалық деңгейдегі қоғамдық, мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысып, көптеген байқаудан жүлдемен оралып жүргеніне бәріміз куәміз. Бұл сөз жоқ, ұжымның ынтымағы мен жоғары ізденісінің айғағы. Театр осылайша әр қырынан өсу, өрлеу үстінде. Биыл қыркүйек айында Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Н.Жантөриннің туғанына 90 жыл толуына арналған Каспий жағалауы елдерінің ІІ халықаралық театр фестивалін өткізу жоспарлануда. Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асыру жоспарланып отырған жобалар ұйымшыл ұжымның тың серпіліс үлгісін көрсетіп, көрерменнің рухани қазынасын молайтуға сүбелі үлес қосатынына сенімім мол!»

Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына 15 жыл

Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына 15 жыл

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы тапсырмасымен 2003 жылы іргесі қаланған қара шаңырақтың ұжымы өткен он бес жыл ішінде әлем және қазақ классиктерінің 72 спектаклін сәтті сахналап, көрермен көңілінің таразысына ұсынды. Жастыққа тән талмас талап, тың ізденістерінің арқасында кәсіби шеберлігі шыңдалып, республикадағы үздік үштікке кіретін өнер ордасының біріне айналып отыр.

Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына 15 жыл

Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына 15 жыл

Осы уақыт ішінде театрдың талантты ұжымы Халықаралық және Республикалық сахна сайыстарында оннан аса бас жүлделер мен атаулы сыйлықтарға ие болды. Жекелеген өнер иелері де кәсіби жоғары шеберліктері мен жетістіктері үшін мемлекеттік марапаттар мен театр сыйлықтарына ие болып, мерейлері өсуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel