Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан журналист алғаш рет елге айтпаған сырымен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан танымал журналист Жанар Байсемізова алғаш рет өзінің өмірлік серігі, ата-енесімен қарым-қатынасы, сонымен бірге өз ата-анасының шетелдік күйеу баласына деген көзқарасы туралы ашық айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жана Байсемізова
Фото: Instagram/eduardkolesnikov: UGC

Еуразия арнасының "Әйел сыры" бағдарламасына қонақ болған Жанар жан сырымен бөлісті.

Жанар Байсемізова бұған дейін айтпаған көптеген жайттардың басын ашты.

"Менің жолдасымның ұлты туралы көп адамдар сұрап жатады. Әлеуметтік желілерде, достарым, таныстарым. Мен ол туралы әлі ешкімге айтқан жоқпын. Осы жерде бірінші рет айтпақпын. Негізгі ұлты - италиялық. Оның атасы италиялық болған, ал әжесі молдаван қызы. Нағашы апасында поляктың, украин ұлтының қаны бар. Әлемнің келіні болдым. Менің жолдасым Одессадан болғандықтан, үйде өзара орысша сөйлесеміз. Ол бір жылдан соң қазақша үйренемін деп уәде берді", - дейді журналист.
Жана Байсемізова
Фото: Instagram/eduardkolesnikov: UGC

Жанардың сөзінше, алғаш рет шетелдік күйеу бала туралы естіген ата-анасы оның некесіне ешқандай қарсылық танытпаған.

"Анам сәл қобалжып қабылдады. Әкем батасын беріп, қарсы болмады. Әкем ауылдың, қазақы ортада өскен қарапайым қазағы, өзім де таңғалдым. Әкем "қызым алдымыздағы барлық перзенттік парызын өтеді" деп батасын берді. Ұлты маңызды емес, бастысы жаман адам болмаса болды, деді", - дейді Жанар.
Жана Байсемізова
Фото: Instagram/eduardkolesnikov: UGC

Сонымен бірге, журналист күйеуі ұлтына қарамастан, ислам дінін қабылдап, оны әлемдегі ең таза дін ретінде сипаттағанын да айта кетті.

"Күйеуім - мұсылман. Ол жер бетіндегі ең таза дін - ислам діні, деп қабылдады. Ол өмір бойы басқа дінде жүрген адам. Сондықтан, бұл мен үшін ең таңғажайып Алланың кереметі болды. Өзі сәждеге жығылып, мұсылмандықты қабылдады", - дейді ол.

Бір қызығы, Жанар мен күйеуі басқа жақта емес, Атырауда танысқан екен.

"Негізі екеуіміз де жер шарын, аралап-аралап келіп, Атырауда таныстық. Бұл да бір керемет нәрсе. Негізі Жаратушының көп кереметін байқай бермейміз. Біз үшін аса қайырлы емес боп көрінетін нәрсе соңында қайырлы болып жатады. Мен өзім де жарты әлемді аралап шықтым, ол да солай. Бірақ жолымыз Атырауда түйісті. Сондағы мерекелік шаралардың бірінде таныстық. Екінші кездесуден-ақ оның ойы таза, шынайы екенін білдім. Мамандығы - экономист, халықаралық спорт шебері, инженер педагог. Есімі - Эдуард. Жұмыста оны әріптестері Едеке деп атайды", - деген ол бұл шешімге келудің оңай болмағанын айтуда.
Жана Байсемізова
Фото: Instagram/eduardkolesnikov: UGC

Алайда ол жаман ұлт емес, жаман адам болатынын алға тартты.

"Негізі Мұстафа Шоқайдың "Жаман мемлекет жоқ, жаман адам бар" дегені бар. Жаман адам қазақта та бар. Ал, бұл - менің маңдайыма жазылған тағдырым. Бастапқыда мен де көп ойландым. Мен де қазақ жігітті таңдағым келді. Менің шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуым, өзге де қазақ қыздарының басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шықсын деген сөз емес. Насихат емес. Әркімнің өзінің өмірі, тағдыры бар", - дейді журналист.

Бүгінде жасы 37-ге келген ол осы уақытқа дейін тұрмыс құру пешенесіне жазылғанына көніп, қабылдай бұл жайтты қабылдай алғанын айтады.

Жана Байсемізова
Фото: Instagram/eduardkolesnikov: UGC
"Бұған дейін мен де ғашық болдым, сүйдім. Бірақ мен қазір мен махаббаттың басқа екенін түсіндім. Махаббат - құштарлық немесе өзгенің соңында жүгіру секілді ұсақ нәрсе емес. Махаббат - бұл сыйластық, түсіністік, бұл сенім. Махаббат - бұл сенің өміріңе басқа бір адамның жауапкершілік алуы. Ол менің өміріме жауапкершілік алды, мені өзінің қолына қондырып, үлкен бір құрмет көрсетті. Сондықтан мен оны өмірімдегі ең үлкен махаббат деп ойлаймын. Қазақ болғанда деген ой болды. Басында оның махаббаты басым болды. Қазір мен оны шын сүйемін. Оған деген махаббатым секунд сайын ұлғайып келеді", - деп мойындады ол.

Айтуынша, күйеуі оны қазақтың салты бойынша қалың малын беріп, барлық жөн-жоралғыларды орындап, ата-анасын риза еткен.

"Енем өте мейірімді, өте тәрбиелі, өте мәдениетті адам. Бір көргеннен мені қысып, құшақтап алды. Мен өзім біраз толқып қалдым. Жолдасымман қалай атайын деп сұрап едім, Антонина Ивановна деп ата дейді. Бұл қазаққа тән емес, сондықтан ол кісіге мама деп айтамын деген шешімімді айттым. Ол өте қатты қуанды", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732358-zge-lt-kiline-trmyska-sykkan-zurnalist-algas-ret-elge-ajtpagan-syrymen-blisti-foto/

pixel