RU

Астанадағы форумда баяндамасын ана тілінде оқыған Бозымбаевқа ел сүйсінді

Бүгін Астанада Global Challenges Summit экономикалық форумы өтуде. Оған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге премьер-министр Бақытжан Сағынтаев, бірқатар министрлер мен шетелден келген сарапшылар мен түрлі сала мамандары қатысуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Қанат Бозымбаев. Фото: abctv.kz. Авторы: Мария Матвиенко
Қанат Бозымбаев. Фото: abctv.kz. Авторы: Мария Матвиенко: UGC

Айта кетерлігі, форумның басынан бастап шенділер орыс тілінде баяндама оқыған-ды. Тек энергетика министрі Қанат Бозымбаев қана өз баяндамасын ана тілінде бастауды жөн көрген.

"Құрметті ханымдар мен мырзалар, Астана форумына хош келдіңіздер", - деп бастаған министр, одан ары баяндамасын тек ана тілінде жалғастырды.

Аз уақыт аралығында қазақ тілін жетік меңгеріп алған министр, ара-кідік орыс тілінде сөз сөйлесе де, баянадамасының басым бөлігін қазақ тілінде оқыды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада экономикалық форум өтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732366-astanadagy-forumda-baandamasyn-ana-tilinde-okygan-bozymbaevka-el-sjsindi.html