RU
Жалғызбасты ана: Қарны аш балаларым шырылдап жылағанда, өмір сүргім келмейді
Жаңалықтар Қоғам

Жалғызбасты ана: Қарны аш балаларым шырылдап жылағанда, өмір сүргім келмейді

Рассказать Вконтакте

Атырауда 24 жастағы Рысханым Аяпова екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Жалғызбасты ана кейде жеуге нан таппай қалатын кездері болатынын айтып, мұңын шақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалғызбасты ана. Фото: Мой Город

Жалғызбасты ана. Фото: Мой Город

Шамамен жарты жыл бұрын жұмыссыз әрі ішкілікке салынған күйеуінен ажырасып кеткен ару басынан өткерген жайттарды баяндады.

"Күйеуім үйдегі бар затты ішімдікке айырбастап жіберетін. Мен бәріне шыдап жүрдім. Алайда ол өзге әйелді сүйетінін айтып, Қызылордаға кетіп қалды. Екі баламмен далада қалдым", - дейді Рысханым.

Бір және үш жасар баласы бар бойжеткен көк тиыны жоқтығын айтуда. Ішерге асы жоқ жалғызбасты ана қайырымды жандар берген азық-түлікпен күнін көріп отыр.

"Кей кездері үйде бір үзім нан болмай қалады. Етті армандаудан қалдық. Дүкенге 18 мың теңге қарыз болып қалып, оның қожайынынан балаларымның құжаттарын ала алмай жүрмін. Балаларым қарны ашып, шырылдап жылағанда жүрегім қысылады, өмір сүргім келмей кетеді", - дейді Рысханым Аяпова.

Кіші қызы Анель рахит дертіне шалдыққан. Рысханым уақытша баспанада оның қожайынының балаларын бағып жүргенінің арқасында тегін тұрып жатыр. Үй қожайыны оларға сүт пен макарон беріп тұрады екен.

Аналар үйіне тек бір баламен жайғасуға болатынын естіген Рысханым олардың көмегіне жүгіне алмауда.

"Маусымнан бастап баспанаға айына 20 мың теңге төлеуім керек. Оны төйлейтін ақшам жоқ... Жұмыс істегім келеді. Аяқталмаған педагогикалық білімім бар. Бала күтуші болып та жұмыс істей аламын. Балаларымды емдеп, балалар бақшасына бергім келеді. Алайда бронхитке шалдыққан балаларыма, тіпті дәрі сатып ала алмай отырмын. Бізге көмектесер мейірімді жандар табылса, алғысым шексіз болар еді", - дейді Рысханым.

Бойжеткеннің туған анасы екінші рет тұрмысқа шығып, қызына мүлде көмектеспейді екен.

Ал әкесін өмірінде бір-ақ рет көрген Рысханым одан да көмек болмайтынын айтуда. Рысханымға көмектесуге әзір болсаңыз, 87788063916 нөміріне хабарласа аласыз.

Бойжеткеннің киім өлшемі - 46-48, аяқ киім өлшемі - 38. Балалары бір және үш жаста. Отбасы Жұлдыз 1 ықшамауданы, №15 көшедегі 21 үйде тұрады.

Қызықты жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
28
0
2
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір