RU
Ұлттық құрамаға шақырылмаған неміс футболшысы алаңда жылап қалды
Жаңалықтар Әлемде

Ұлттық құрамаға шақырылмаған неміс футболшысы алаңда жылап қалды

Рассказать Вконтакте

Ресейде өтетін футболдан кезекті әлем чемпионатының басталуына санаулы күндер қалды. Бүгінде мундиалдың финалдық кезеңіне жолдама алған командалар чемпионатқа қатысатын футболшылар тізімін жариялауда деп хабарлайды NUR.KZ.

Сандро Вагнер. Фото: DW

Сандро Вагнер. Фото: DW

Германия құрамасының ойыншысы Сандро Вагнер Ресейдегі додадан тыс қалды. "Неміс машинасының" бас бапкері Йоахим Лев Вагнерді құрамаға шақырмаған.

Өзінің әлемдік сынға қатыспайтынын естіген Вагнер жаттығу кезінде көз жасына ерік берді. Ұлттық құрама қатарына қосылмағанын естіген оны командаластары жұбата бастапты.

Сандро Вагнер Германия құрамасының сапында 2017 жылғы Конфедерация кубогін ұтып алған болатын. Ол ұлттық құрама сапында өткізген 8 матчта 5 гол соққан.

Вагнерден бөлек, 2014 жылы Германияға жеңіс голын сыйлаған Марио Гетце де биылғы чемпионатты стадион трибунасынан тамашалайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel