RU

Блогер қыз тыр жалаңаш жүру үшін джунглиге көшіп кетті

Австралия тұрғыны жалаңаш жүру үшін біржолата өмір сүру дағдысын өзгертіп, Эквадордағы джунглиге көшіп кетті. Орман ішінде өмір сүретін бойжеткен жігітімен бірге өмірден ләззат алуды көздеген деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Джунгли
Фото: fishki.net: UGC

Бүгінгі таңда жігітімен бірге джунглиге қоныс аударған блогер өзі үшін егін егіп, табиғатпен етене жақындықта өмір сүруге бел буған.

Джунгли
Фото: fishki.net: UGC

Австралияның Брисбен қаласының тұрғыны Лиэнн Рэтклиффті жұрты "Фрили, банан қыз" деп атап кеткен. Себебі ол табиғатқа жақын болып, тек қана тропик жемістерін жеумен өзегін жалғайды. Робин есімді жігіті оны қолдап, олар 2018 жылдың басынан бері ну орман ішінде жан бағуда.

Джунгли
Фото: fishki.net: UGC

Олар өз өмірін түбегейлі өзгертіп, адам баласы пайда бола сала қандай күйде болса, соны басынан кешіргілері келеді. Табиғатты ластамай, тек қана өсімдікпен қоректенетін жұп киімсіз жүреді.

Джунгли
Фото: fishki.net: UGC

Олар бүгінгі күніне дән риза болғанымен, бастапқыда бұлай өмір сүру оңай болмағанын айтады.

Джунгли
Фото: fishki.net: UGC

"Мен бір түкпірге тап болғандай болдым. Үнемі шаршап жүретінмін. Алайда мен бұл өмірімнің жақсы екенін түсіндім. Есесіне, бұл жерде ешқандай зиынды тамақ жоқ. Өмірім де қалпына келді", - дейді Лиэнн.

Джунгли
Фото: fishki.net: UGC

Қазіргі таңда оның желідегі айрықша суреттері ғаламторда лезде тарап кетіп, ол танымалдылыққа ие болған.

Джунгли
Фото: fishki.net: UGC

Джунгли
Фото: fishki.net: UGC

Блогер қыз тыр жалаңаш жүру үшін джунглиге көшіп кетті
Фото: fishki.net: UGC

Блогер қыз тыр жалаңаш жүру үшін джунглиге көшіп кетті
Фото: fishki.net: UGC

Блогер қыз тыр жалаңаш жүру үшін джунглиге көшіп кетті
Фото: fishki.net: UGC

Блогер қыз тыр жалаңаш жүру үшін джунглиге көшіп кетті
Фото: fishki.net: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732385-bloger-kyz-tyr-zalaas-zru-sin-dzunglige-ksip-ketti.html