RU

Қазақстанның үш облысында дауылдық ескерту жарияланды

18 мамырда Қазақстанның үш облысы мен Астана қаласында дауылдық ескерту жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: smolensk.glavny.tv
Көрнекі фото: smolensk.glavny.tv: UGC

Синоптиктердің болжамынша, ертең Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, дейін жетсе, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с жел соғады.

Кей жерлерде тұман түсіп найзағай болуы ықтимал.

Астана қаласында күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавл қаласында күндіз солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Сондай-ақ ертең тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732388-kazakstanny-s-oblysynda-dauyldyk-eskertu-zarialandy.html