RU
Дубайда уланып қалған қазақстандықтар танымал қонақ үйді сотқа бермек
Жаңалықтар Қоғам

Дубайда уланып қалған қазақстандықтар танымал қонақ үйді сотқа бермек

Рассказать Вконтакте

Біріккен Араб әмірлігіне тынығуға барған қазақстандықтар қонақ үйдегі тамақтан уландық деп дабыл қақты. Өзін жайсыз сезінгендердің арасында Ресей, Украина және Беларусь елінің азаматтары да болған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dknews.kz

Фото: dknews.kz

Куәгерлердің айтуынша, астан уланған жерлестеріміздің саны 30-дан асып кеткен.

Шетел асқан туристер өздері орныққан қонақ үй тамағынан уланған. Олардың көбісінде улану белгілері ұқсас. Астан уланғандардың жаппай іші ауырып, бастары айналған.

Фото: dknews.kz

Фото: dknews.kz

Біріккен Араб әмірлігіне отбасын ала барған Әсел Темірғалиева есімді турист те шетел тамағынан уланды. Өзінен бөлек, елге оралғаннан кейін оның бір жарым жасар ұлының да жағдайы күрт нашарлаған. Нәтижесінде балақай жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты.

Фото: dknews.kz

Фото: dknews.kz

Бүгінгі күні сәбидің жағдайы жақсара бастағандықтан ол палатаға ауыстырылған. Қазақстандықтар тап болған оқиғаға байланысты сыртқы істер министрлігі өз пікірін білдірді.Олар бұл жағдайды жіті бақылауда ұстайтындарын жеткізген.

Шетелдік қонақ үйді соттауға бел буған отандастарымызға туроператорлар да көмектерін аямайтындарын айтты. Алайда, туристік мекеме өкілдері сөздерінде жағдай құжат бойынша дәлелденсе ғана тұрмақ.

Армандаған демалыстарының астан-кестеңі шыққан туристер енді қонақ үйге қатысты тезірек шара қолдануды талап етіп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel