RU
Шымкентте жалғызбасты ананы өлтіріп кеткен ер азамат сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жалғызбасты ананы өлтіріп кеткен ер азамат сотталды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жалғызбасты ананы асқан қатыгездікпен өлтірген такси жүргізушісі жазасын алды. 24 жасар Әйгерім Тасболатованы өз сөмкесімен буындырып тастаған қаскөй 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұмның туыстары бұл үкімге қанағаттанбады. Олар кемінде 20-25 жыл бергенді қалайды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкентте жалғызбасты ананы өлтіріп кеткен ер азамат сотталды

Шымкентте жалғызбасты ананы өлтіріп кеткен ер азамат сотталды

Үкім оқылғанда 26 жастағы айыпталушы басын бір көтермеді. Жалғызбасты ананы ақша үшін өлтірген ер азамат 19 жылға темір торға тоғытылды. Қылмыскер жазасы ауыр боларын сезген оның туыстары да сот залында селт етпей, үкімге көнген.

Жыл басында 40 мың теңге несиесін жаба алмай жүрген таксиші ақша тапшылығынан адам өлтіруге дейін барған болатын. Қуанышбек Құлбеков банкоматтан ақша алып тұрған келіншекті көріп, оны үйіңе жеткізем деген желеумен Түркістаннан 30 шақырым жерге алып кеткен. Көлігін қалың қамыс арасына кіргізген ер азамат сөмкенің бауымен 24 жастағы әйелді қылқындырып, кірпік қақпастан өлтіріп тастады.

Қылмыскер марқұмның 205 мың теңгесі мен смартфонын өзіне алып қалды. Жалғызбасты ананың ұялы телефонын сатпақ болған кезде тәртіп сақшыларының қолына түскен.

Бастапқыда ақталып әлек болған Қуанышбек Құлбеков екі аптадан соң тергеушілерге қылмысын мойындап, келіншек мәйітін де көрсеткен. Қаскөй мен оның құрбанының артында кәмелетке толмаған қос-қостан балалары қалды. Марқұм Әйгерім Тасболатованың жетімдерін бағып отырған жақындары 19 жыл жаза жауыз үшін тым жеңіл деп, өз қарсылықтарын білдіріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
4
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel