RU

Ата-анасы бір ай бойы іздеген алматылық қыз құрбысының үйінен табылды (фото)

Ата-анасы бір айға жуық уақыт іздеу салған бойжеткен құрбысының үйінен табылды. 17 жастағы Милана Изукаева жайлы ішкі істер департаменті мәлім етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Милана Изукаева. Фото: facebook.com/dvdao
Милана Изукаева. Фото: facebook.com/dvdao: UGC

Осыдан біраз уақыт бұрын Қайнар ауданының 17 жастағы тұрғыны үйден шығып кеткеннен қайта оралмағаны жайлы әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде ақпарат шыққан болатын.

Іздестіру нәтижесінде бойжеткенді Алматыдағы құрбысының үйінен тапқан. Ішкі істер департаменті Миланамен емдік, алдын-алу әңгімелері өткенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732435-ata-anasy-bir-aj-bojy-izdegen-almatylyk-kyz-krbysyny-jinen-tabyldy-foto.html