RU

Бұл сұмдық бітер емес: Мәскеуде қаза болған қазақ қызының анасы мәлімдеме жасады

Осыдан біраз уақыт бұрын Мәскеуде қаза болған студент Томирис Байсафаның анасы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Томирис Байсафа. Фото: Instagram
Томирис Байсафа. Фото: Instagram: UGC

Ахметова қызының өліміне қатысты істің анық-қанығы жайлы ақпарат беретінін айтып, оқырмандарымен сыр бөлісті. Томирис 13 сәуір күні оқу ғимаратының терезесінен секіріп кеткен болатын. Ал 3 мамыр күні бойжеткен ауруханада қаза болды.

"Мен ұйқымнан қайта оянғанмен бұл сұмдық бітер емес. Мен күнде таңертең бұл өңімде болып жатқан оқиға екенін түсінемін.

"Бұл сұмдықты басыма бермесін" деп тілеңіздер. Қылмыстық іске қатысты жаңа ақпараттарды БАҚ өкілдері мен достарыма хабарлап отырамын", - деп жазды Томиристің анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732436-bl-smdyk-biter-emes-mskeude-kaza-bolgan-kazak-kyzyny-anasy-mlimdeme-zasady.html