RU
Он метрлік биіктіктен құлап түскен цирк әртісі ғажайыптың күшімен тірі қалды
Жаңалықтар Әлемде

Он метрлік биіктіктен құлап түскен цирк әртісі ғажайыптың күшімен тірі қалды

Рассказать Вконтакте

10 метр биіктікте айналып тұрған дөңгелек ішінде сальто-мортеле трюгін жасаған цирк әртісі кенеттен жерге құлап түсті деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Биіктіктен құлап түскен цирк әртісі Алланың құдіретімен тірі қалды

Биіктіктен құлап түскен цирк әртісі Алланың құдіретімен тірі қалды
Source: UGC

Цирк әртісінің құлап бара жатқанын көрермендер видеоға түсіріп алған. Ролик Facebook желісінің @itvnews парақшасында жарияланған.

Кадрлардан бір топ әртіс айтарлықтай биіктікте цирк трюктерін орындай бастағанын көруге болады. Осы сәтте акробаттардың бірі айналу кезінде кенеттен құлап түсіп, төменге қарай құлдилай бастаған.

Бір қызығы, ер адам ешқандай ауыр жарақат алмаған. Ол жеңіл-желпі зақымданып, ауруханаға жеткізіліпті.

Зардап шеккен әртістің айтуынша, мұндай биіктіктен құлап бара жатқанда ол іштей өмірімен қош айтысқан.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel