Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оразада жігітпен кездесуге бола ма?

Опубликовано:

Қасиетті Рамазан айы басталағы бері көпшіліктің көкейіндегі сұрағы да көбейе түсті. Бірінде төсек қаптынасына қатысты сауал туындаса, енді бірі жігітпен кездесуге бола ма деген сұраққа жауап іздеуде. Оқырманның бұл сауалдарына muslim.kz жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: hivemind.com.ua
Көрнекі фото: hivemind.com.ua: UGC

Басылымының жазуынша, ислам шариғатында қыз бен бала тек үйлену ниетімен, онда да үшінші адамның қатысуымен ғана кездесе алады. Ал, үйленбей тұрып қол ұстасып жүруіне болмайды. Себебі, Алла Тағала Құран кәрімде:

"Зинаға жақындамаңдар! Өйткені, Ол – анық арсыздық және жаман жол" – деген.

Имам Қуртуби (р.а) осы аятты тәпсірлеп былай дейді: "Ғалымдар: Алла Тағала бұл аятта "Зинаға жақындамаңдар!" деді. Алла Тағаланың сөзді бұлай саптауы "зина жасамаңдар!" дегеннен де кең мағынаға ие. Ондағы мағынасы – "зина атаулыға алыс-жақыннан да жақындаушы болмаңдар!" дегенді білдіреді. Себебі, зинаның алыс әрі жақын мағынасы бар", – деген.

Бұл сөзімізді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына хадисімен өрбітеміз:

"Әр Адам баласының зинадан үлесі бар; көз зинасы – (харамға) қарау, қолдың зинасы – ұстау, аяқтың зинасы – жүру, ауыздың зинасы – сүю. Жүрек соған мейілденеді, қалайды, ал әурет болса оны растайды немесе өтірікке шығарады", - деген.

Міне, әрбір кіші деп білінген нәрсе артынан ауыр күнәға апаруы мүмкін. Сол үшін де үлкен күнәға апартын нәрсе де өз алдына күнә болады.

"Сіздің жағдайда, оразаны барынша оңтайлы пайдаланыңыз. Әдетте күнә болып табылатын нәрседен алыс тұруға тырысу керек, ал Рамазанда айында ол істерге жақындаудан мүлдем тыйылған жөн", - деп жауап берді басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1732453-orazada-zigitpen-kezdesuge-bola-ma/

pixel