Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Қожа екінші әйелінен туған қызының тұсаукесерін дүркіретіп жасады (видео)

Опубликовано:

Бірінші әйелі Айман Нұразхан мен үш қызын тастап, қайта отау құрған Мұрат Қожа екінші әйелінен туған қызының 1 жасын тойлап, тұсаукесерін өткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Мұрат Қожа. Фото: Instagram
Мұрат Қожа. Фото: Instagram: UGC

Бұл қуанышымен әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті.

"Қызымның тұсау кесер тойы. Айгүл апа, үлкен рахмет. Үлкендердің батасын алып, Айша қызымның 1 жасын тойладық. Ақтау қаласына барып, ағайын-тумаластың басын қосып, тойымызды өткіздік. Той көп болсын", - деп жазды әнші.

Мұрат Қожа бұрынғы және қазіргі отбасы жайлы ашылып ештеңе айтпайды. Бірақ оның алғашқы жары Айман Нұразхан осыдан біраз уақыт бұрын отбасылық құпиясын жайып салған болатын.

Алайда бұл ақпарат әншіге ұнамай қалып, ол ел алдына шыққан бірінші әйеліне әлеуметтік желі арқылы жауап берген еді.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қарақат пен Қыдырәлі де асыға күткен қыздарының тұсауын вице-министрдің әйеліне кестіріп, дүркіретіп той өткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1732454-mrat-koza-ekinsi-jelinen-tugan-kyzyny-tsaukeserin-drkiretip-zasady-video/

pixel