RU
12 адамды өлтіріп, жертөлесінде сақтап келген қылмыскердің үйі зәулім сарайға айналды
Жаңалықтар Әлемде

12 адамды өлтіріп, жертөлесінде сақтап келген қылмыскердің үйі зәулім сарайға айналды

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияда 12 адамды өлтіріп, денелерін жертөлесінде сақтап келген үй сатылды. Оның жаңа иелері үйде бұрын қандай сұмдық болғанын білсе де, оған еш мән берместен, жылы ұяшыққа айналдырған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Ұлыбританиядағы атышулы қылмыскер 72 жасына дейін үйінде өлген адамдардың денесін сақтап, олармен жыныстық қатынасқа түсіп отырған. Алайда ол оқиғадан еш қорықпаған жас жұп жаңа үйлерінде үлкен әрі бақытты отбасын құруды армандайды.

Үйдің бұрынғы иесі марқұмдардың денесін өртеп, сүйектерін көмген бақшада Бруно мен Матильда қазір жеміс өсіріп жатыр.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

38 жастағы Бруно өзге адамдардың үй жанынан үреймен қарап өтетінін жасырмайды. Бірақ дәл осы қорқынышты оқиғаның арқасында үйді арзан бағаға алдық деп қуанады ол.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

"Біз бұрыннан үй алғымыз келіп жүрген. Бірақ барлық жерде бағасы өте қымбат болды. Содан кейін осы үй туралы білдік. Орналасқан жері өте ыңғайлы: жанымызда саябақ, метро бар. Адам өлтіру оқиғалары осыдан 30-40 жыл бұрын болған. Сондықтан бізге бұл түк қорқынышты емес", - дейді Бруно.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Бұл отбасы үйді 2016 жылы 493 евроға сатып алып, бір жыл бойы ішіне толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізген. Мәселен, бұрын адамдар құрбандыққа шалынған ас бөлме қазір медициналық зерттеумен айналысатын Матильданың жұмыс орнына айналған.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Айта кетейік, 1970 жылы Деннис бұл үйде кем дегенде 12 адамды өлтірген. Ол жасөспірімдер мен ересек адамдарды үйіне алдап шақырып, оларды тұншықтырып тастаған. Осыдан кейін марқұмдардың денесін жуып, таза киім кигізген екен.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru

Кейінірек қылмыскер құрбандарының кей бірімен жыныстық қатынас жасасқанын мойындаған.

NUR.KZ порталының WhatsApp нөмірі: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
8
4
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір