RU

Атырау мұнай зауытында жанған от тұрғындардың үрейін ұшырды (видео)

Атырау тұрғындарын жергілікті мұнай өңдеу зауытында жанған от қорқытты. АМӨЗ оқиғаға қатысты пікір білдірген деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

"17 мамыр күні сағат 18:40-та компрессордың тоқтауы салдарынан жанармай газы факелге түсті. 20:36-да компрессор іске қосылды. Газдың қайта жанармай жүйесіне беріліп отыруы реттеліп жатыр", — деп түсіндірді кәсіпорын.

Бірақ шыққан түтін адам денсаулығына зиян емес көрінеді.

Қазір экологиялық қызмет зерттеу жүргізіп жатыр. Ал кәсіпорын басшылығы қала тұрғындарынан кешірім сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732461-atyrau-mnaj-zauytynda-zangan-ot-trgyndardy-rejin-syrdy-video.html