Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірі қыл үстінде тұрған бір жарым жасар сәби Лидоның жүрегін ауыртты (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық желі қолданушылары қатерлі ісік ауруына шалдыққан Алима Көпейдің денсаулығына алаңдаушылық танытып отыр. Осы жылдың наурыз айында құйымшағымен құлап қалған қызға дәрігерлер аты жаман дерттің диагнозын қойған деп жазады NUR.KZ.

Алима Көпей мен Лидо. Фото: Instagram
Алима Көпей мен Лидо. Фото: Instagram: UGC

Бір жарым жасар Алимаға қойылған диагноз "Қатерлі сакрококцигталды тератома". Сәби денесінің 50 пайыздан астам бөлігіне обыр таралған.

Кейбір қазақстандық жұлдыздар Алимаға сөзбен емес, іспен жәрдем беруге кіріскен. Мәселен әнші Лидо өзінің клипке түскенде бір-ақ рет киген қымбат әрі әдемі көйлегін сатылымға қойыпты. Одан түскен ақша Алиманың еміне жұмсалатын болады.

Қазір науқас қызды Сеул дәрігерлері тексеріп, оның өмірін аман сақтап қалу үшін күресуде. Ал емдеу шараларын Германияда жүргізетін көіренеді. Шетелдегі ем-дом үшін Алимаға шамамен 100 мың евро көлемінде қаражат керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732481-miri-kyl-stinde-trgan-bir-zarym-zasar-sbi-lidony-zregin-auyrtty-foto/

pixel