Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар: Жақын арада әлемді емдеуге келмейтін жаңа індет жайлайды

Опубликовано:

Англиядағы Импер колледжі мен Эксетерс универститінің ғалымдары біріге отырып адамдардың жаппай қырылуына себепші заттарды анықтау мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижесінде бейімсіздік қасиетке ие қышыма қотырдың аса қауіпті әрі емдеуге келмейтін індет тудыруы мүмкін екені расталды деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Мамандардың пайымдауынша, қышыма қотырдың бұл түрі уақыт өте келе аса мықты бактерияға айналып, антибиотиктер мен емдеуші дәрілерді қабылдамауға қауқарлы бола алады.

Қышыма қотырдың пайда болуына әдеттегідей, адамдардың өздері кінәлі!

Әсіресе ауыл шаруашылығы мен медицина саласындағылар аяққа шығатын қышыма қотырға қарсы дәрі-дәрмектерді пайдалануға әуестеніп кеткен.

Нақтырақ айтқанда, қышыма қотыр стоматиті, эпидермофития, дерматофития және онихомикоз ауруларын емдеуге арналған дәрілер аса ауыр індет туындауына себепші.

Ғалымдардың айтуынша, бұл дәрмектер қышыма қотырдың тек осал тұстарын жойғандықтан, қуатты жақтары керісінше одан бетер күшейе береді. Соған орай, бұл күрделі мәселені шешу үшін мамандар арнайы әдіс-тәсіл ойлалып табу маңызды дейді.

Статистикалық мәлімет бойынша, безгек пен қатерлі ісік ауруларына қарағанда, аяққа шыққан қышыма қотыр есебінен қайтыс болғандар саны асып түскен. Сондай-ақ қотыр есебінен болған өлімдер мөлшері ЖҚТБ мен туберкулездікімен тұспа-тұс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1732484-galymdar-zakyn-arada-lemdi-emdeuge-kelmejtin-zaa-indet-zajlajdy/

pixel