RU
Қазақстанға жер аударылған әжей 129 жыл өмір сүргеніне өкініп қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанға жер аударылған әжей 129 жыл өмір сүргеніне өкініп қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Шешенстан тұрғыны Коку Истамбулова - әлемдегі ең қарт кісілердің бірі. 1 маусымда 129 жасқа толатын кейуана Қазақстанға жер аударылған кездерін есіне алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Коку. Фото: fishki.net

Коку. Фото: fishki.net

Кейуана ұзақ ғұмырында мүлде бақытсыз болғанын алға тартуда. Революция басталғанда 27 жаста болған Коку Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 55-те, ал Кеңес Одағы ыдырағанда 102-де болған.

Коку. Фото: fishki.net

Коку. Фото: fishki.net

"Бүгінгі күнге дейін қалай тірі жүргенімді түсіне алар емеспін. Қашан да жер қазып, көп жұмыс істейтінмін, өмірімде бірде бір бақытты күнім болған емес. Шаршадым. Мен үшін ұзақ ғұмыр сый емес, Жаратушының жазалауы секілді", - дейді ол.

Коку. Фото: fishki.net

Коку. Фото: fishki.net

Барлық балалары мен ет жақындарының өлімін көрген кейуана бес жыл бұрын Тамара есімді қызынан айырылады.

Коку. Фото: fishki.net

Коку. Фото: fishki.net

Коку көп ет жемейді, ірімшік пен сүт тағамдарын ұнатады, алайда ешқандай диета ұстанған емес.

Кокудың үйі. Фото: fishki.net

Кокудың үйі. Фото: fishki.net

"Мен біздің үйдің маңынан өтіп жатқан неміс танкілерін ұмытқан емеспін. Бұл қорқынышты. Қазақстандағы өмірім де есімде, бұл мен үшін ең қиын кезең болды. Бізді Сібірге де жер аударған болатын, алайда Қазақстанда жаман болды. Ол жерде бізді жергілікті тұрғындар жек көретінін сезетінмін. Күні бойы еліме оралуды армандайтын едім", - дейді кейуана.

Коку. Фото: fishki.net

Коку. Фото: fishki.net

1889 жылы 1 маусымда дүниеге келген Коку өміріндегі жалғыз өкінішін айтты.

"Өміріме көз жүгірткенде, ертерек өмірден озбағаныма өкінемін. Өмір бойы жұмыс істеп келдім. Демалып, көңіл көтеру менде болған емес", - дейді кейуана.

Қызықты жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
4
2
2
19
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel