Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Насыбайдың жұрт біле бермейтін зардабы қандай?

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хатшысы насыбайдың денсаулыққа өте зиян екенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Замана" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Насыбай. Көрнекі фото: lelchitsy.by
Насыбай. Көрнекі фото: lelchitsy.by: UGC

"Насыбай гастриттің, кейін асқазанның ойық жарасының дамуына жетелейді, жұқпа көзі болуы мүмкін... Жүрек айнуы, құсу, іш өтуі – насыбай ататындардың бәрінде жиі кездесетін жайсыздықтар", - дейді Оңтүстік Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хатшысы Б. Сайлауова.

Айта кетсек, соңғы кездері темекі қымбаттап бара жатқандықтан, насыбайға әуестенушілер күрт өсуде. Маман насыбайдың зардаптары жөнінде жұрт біле жүруі тиіс деп санайды.

"Насыбай құрамындағы никотин қан тамырларын тарылтады, инсульт дамуы мүмкін. Насыбай ататындардың жүрегі тарылған қан тамыры арқылы жеткілікті оттегі ала алмайды, ал бұл жүрек бұлшық етінің тозуына және инфаркттің дамуына жетелейді.

Насыбай қатерлі ісік шақырады, пародонтоз, кариес, тағы басқа тіс ауруларын туындатады. Ол гастритке және асқазанның ойық жарасына жетелеуі мүмкін.

Оны тұтынатын жасөспірімдерде есте сақтауға байланысты елеулі проблема туындайды, олар оқу материалдарын толық игере алмайды. Олардың кейін басқа есірт­кілерге көшуі мүмкін, психикасы бұзылады.

Насыбай сатушылар оны темекі тастауға ықпал ететін бұйым ретінде дәріптегенімен, кері­сінше, никотинге тәуелді болуға шақыратынын ұмытпаған жөн. Насыбайдан еш зиян жоқ дегенге сенбеңіз!", - дейді Сайлауова

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1732495-nasybajdy-zrt-bile-bermejtin-zardaby-kandaj/

pixel