RU
Сағынтаев: Ерте ме, кеш пе елге басқа үкімет келетіні анық
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сағынтаев: Ерте ме, кеш пе елге басқа үкімет келетіні анық

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада Global Challenges Summit экономикалық форумының екінші күні өз жұмысын бастады. Оған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қатысуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Бақытжан Сағынтаев. Фото astanafm.kz

Бақытжан Сағынтаев. Фото astanafm.kz

Үкімет басшысы ғылыми-технологиялық революция кезеңінен Қазақстанның да тыс қалмағанын атап өтті.

"Қазақстан әлемнің өзге елдері ұстанатын қағидаларды ұстанып келеді. Сол себепті біздің еліміз үшінші жаңғырудың бастан кешіріп жатыр. Бұл ретте біз индустрияландыру бағытын таңдадық. Сол сияқты халқымыздың рухани тұрғыда жандануын көздейтін "Рухани жаңғыру" сынды бағдарлама қабылдадық", - дейді премьер-министр.

Сонымен бірге Бақытжан Сағынтаев қазақстандықтардың әлеуметтік тұрғыда жандандыру саласында да келелі жұмыстар атқарылып жатқандығын алға тартты .

"Бұл ретте елбасымыздың жыл сайынғы халыққа жолдауын атап өткен жөн. Әрине, ерте ме, кеш пе қазіргі үкіметтің орнына басқасы келетіні анық. Бірақ бүгінгі үкімет елбасының тапсырмаларын жедел әрі тиянақты түрде орындап келеді", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев Астана экономикалық форумында

Бақытжан Сағынтаев Астана экономикалық форумында

Премьер-министр елде жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан цифрландыру саясаты жайлы да айта кетті.

"Осы мақсатта біздің елде "Цифрлы Қазақстан" бадарламасы қабылданды. Аталған тың бастама Қазақстан экономикасын қазіргіден де қарқынды ете түспек. Сол сияқты еліміз әлемдік маңызы бар түрлі шараларды да ұйымдастырып келеді. Соның бірі былтырғы жылы елімізде өткен "ЭКСПО 2017" халықаралық көрмесі", - деп сөзін қорытындылады үкімет басшысы.

Айта кетейік, Астанада мамырдың 17-19 аралығында экономикалық форум өтуде. Оған әлемнің белгілі ғалымдары мен сарапшылары қатысып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
2
5
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір